ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮРІШ АЛҚАБЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҚЫСҚАРАДЫ

0
86

Фото: ғаламтордан

Қызылорда облысында күріш алқабының көлемі бес мың гектарға қысқарады,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бірақ аз егіп, мол өнім алуға басымдық беріледі. Ол үшін тың агротехнологияларды кеңінен енгізу жоспарланған. Мысалы, биыл лазерлік тегістеуден өткен егіндік жер көлемін 68 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Осылайша 15 пайыз суармалы суды үнемдейді. Мұнан бөлек, қысқа мерзімде пісетін, қолданыстағы сорттармен салыстырғанда 10 центнерге дейін өнімі артық болатын күріш тұқымдарын шетелден сатып алуға келісім жасалған. «Су арналарына автоматтандырылған құрылғылар орнату арқылы тіршілік нәрінің әр текше метрін есепке алу, тамшылатып суару технологияларын енгізу секілді шетелдік компаниялармен бірге жүзеге асатын жобалардың да тиімділігі мол»,-дейді мамандар.

«Суды үнемдеуге септігін тигізетін дақылдарға көшудің бір қиындығы – бұл жерде оның көпшілігі қолмен жасалады, яғни миханикаландырылмағандықтан көпшілік диқандар одан қашатын себебі сондықтан. Дақылдарды егуден бастап, жинауға дейінгі аралықтағы миханикаландыруға көшкен жағдайда, бұл диқандардың бетін бері қаратып, суды одан екі немесе үш, төрт есе аз пайдалануға мүмкіндік береді»,- дейді ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу