ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

0
128

Фото: ғаламтордан алынды

Шымкенттегі перзентханада дамуында ақауы бар жаңа туған нәрестелерге күрделі операциялар жасалды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

Қалалық перинаталдық орталықта алғаш рет неонаталдық хирургия ашылды. Енді медициналық мекеме дәрігерлері туа бітті кемістігі бар балаларға шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады. Дәрігерлердің айтуынша, кейде жаңа туған науқас нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін әр минут қымбат болады. Сондай сәтте сәбиді басқа ауруханаларға тасып жүрмей, бірден перзентханада операция жасауға мүмкіндік туып отыр. Бұрын мұндай балалар перинаталдық орталықта н шыққаннан кейін басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылатын. Биылдан бастап шахардағы бірнеше перзентханада осындай күрделі операциялар жасалады. Ол үшін медициналық мекемелер заманауи құралдармен жабдықталып,  дәрігерлердің біліктілігі арттырылуда. Неонатальды хирург, анестезиолог-реаниматолог штаттық режимде жұмыс істейді. Биыл жеті балаға операция сәтті жасалды. Олардың бірі сирек кездесетін аномалия – гастрошизиспен туған. Баланың асқазан-ішек жолдарының барлық мүшелері іш қуысының сыртында орналасқан. Қазір дәрігерлер сәбиге ерекше күтім жасап, қолдау көрсетіп жатыр.

«Бізде реанимацияда екі бала жатыр. Біреуі диафрагмальная грыжа, екіншісі гастрошизис. Екеуі де операциядан өткен. Біріншісіне 11 күн, екіншісіне 5 күн болды операциядан кейінгі. Біріншісін біз аппараттан шығарып, қазір бала өздігінен дем алып жатыр. Анасының сүтін ішіп, қазіргі таңда салмақ жинауда. Енді бізде бұл операцияддан кейінгі ең маңызды жұмысы бұл – күтім жасау. Жақсы күтім болса, тез сауығып кетеді»,- дейді Неонатальды блок меңгерушісі Айжан Маханбетова.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу