ЕКІ БАЛАНЫ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

0
39

Фото: ғаламтордан алынды

Түркістан қаласында екі баласын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы облыстық ПД сілтеме жасап.

Іздеу шараларына облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырды. Олар көршілес аймақтар мен мегаполистерге дейін қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде қолға түсірді. Айта кетейік, кеше кешкісін Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың мәйіті сараптамаға жіберілді.

«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда»,- деді облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу