СОТТАР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

0
25

Түркістанда Қазақстан мен Қырғызстан Республикасы Жоғары сотының Төрағалары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

Тараптар екі ел арасындағы әріптестік байланысты, сот жүйесіндегі өзара іс-қимылды неғұрлым қарқынды дамытуға ниетті. Екі жақты кездесуде жоғарғы сот төрағалары елімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалардың маңызды тұстарын талқылады. Еліміздің Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысы өңірлермен қарым-қатынастың жақсы болуына ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Бітімгерлік, сот жүйесін цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде Қырғызстанның Жоғарғы сотының төрағасы Замирбек Базарбеков Қырғызстандағы судьялардың жалақысын көтеру, олардың ротациялануы мен істердің сапалы қаралуына баса назар аударылып жатқанын айтты. Мәртебелі мейман Қазақстанның сот саласына ІТ-технологияларды енгізіп, сот ісін жүргізуді жеңілдетудегі жетістіктерін атап өтіп, тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Айта кетейік, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Түркістанға облыстық соттың жаңа ғимаратының ашылу салтанатына арнайы келген болатын.

«Біздің мынау бітімгершілік мәселелері бойынша өзіміздің тәжірибемізбен алмасуға және де қазіргі жасанды интелект, I Tech және IT мәселері бойынша Қазақстан өте алда келе жатыр. Ал сот қауымдастығы болса өзінің көптеген жетістіктерімен мақтана алады. Және біз бөлісуге дайынбыз»,- деді ҚР Жоғары Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев.

Ал Қырғызстан Республикасы Жоғары Сотының төрағасы Замирбек Базарбеков Қазақстанның сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

«Біз облыстық соттың мына жаңа ғимаратын көріп, «бізге де осындай керемет нысан бұйырсын, жұғысты болсын деп жатырмыз». Жаңа ғана екі елдің соттары бір-бірімен тәжірибе алмасып, құқықтық тұрғыдан көмектесу үшін келісімге қол қойдық. Бұл да өз жемісін береді деп сенеміз. Бізді Қазақстанның сот жүйесін реформалаудағы жаңашылдығымен жетістігі қызықтырады. Әсіресе сот саласын сандық жүйеге көшіруде көш бастап тұрсыздар. Біз соны үйреніп, өзімізге енгізгіміз келеді»,- деді ҚР Жоғары Сотының төрағасы Замирбек Базарбеков.


Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу