ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
35
Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Жиында өңір басшысы жауаптыларға маңызды мәселерге бей-жай қарамауды тапсырды.
«Жауапты басқармалар, аудан, қала әкімдері Төтенше жағдай департаментімен бірлесіп, қауіпсіздік шараларын үнемі пысықтап отырсын. Өзен-көлдер мен су нысандарының жай-күйі тұрақты бақылауға алынуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау – басты міндет. Су тасқынына қарсы жоспардағы іс-шаралар толық орындалуы тиіс,» – деді облыс әкімі.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Асқар Төлешевтің айтуынша, 2023-2024 жылдардағы су тасқынына қарсы әзірленген инженерлік жоспардағы 24 іс-шараның бүгінге 15-і толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, 2024-2025 жылдардағы су тасқынына қарсы инженерлік жоспар әзірленуде. Оған аудан, қала әкімдіктері тарапынан да ұсыныс енгізілуі керек. Сонымен қатар қаңтар айындағы жағдай бойынша өткен айда таудағы жиналған қар қорының көлемі нормадан төмен екендігін жеткізді. «Қазгидрометтің» РМК-ның ақпан айына жасалған болжамында облыстың барлық аймағында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болатындығы көрсетілген.
Бүгінде департамент мамандары өзендер мен су қоймаларға күнделікті мониторинг жүргізуде. Облыста 42 су қойма бар. Олардың толуы 40-45 пайызды құрайды. Ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 2,8 млрд. текше метр көлемінде бос қоры бар.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу