ТҮРКІСТАНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
179
                                   Фото: әкімдік парақшасынан
Бүгін Түркістанда Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.
«Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Ауған соғысы ардагерлері қатысты.
Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен салтанатты шарада Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаттары мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталары, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының алғыс хаттары, сондай-ақ атаулы күннің естелік белгілері табысталды.
Мемлекеттік Әнұран щырқалып, Ауған соғысы ардагерлері туралы бейнематериал көрсетілді. Кеш барысында Шымкент горнизонының әскери оркестрі, «Семсер» тобы, Райым мен Дана дуэті, «Яссы» би ансамблі және мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу