ОТЫРАРДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

0
168
                                Фото: әкімдік парақшасынан
Түркістан облысы, Отырар ауданында мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық турнирдің ашылуы өтті.
Турнирге ауданық ішкі істер бөлімі мен аудандық емхана мамандары, бөлімдер мен мекеме қызметкерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен 20 команда қатысты.
Мақсаты – достық қарым-қатынасты нығайту, патриоттық сезімге және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шараның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу