ҚЫТАЙДА ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

0
170

Фото: ғаламтордан

Қытайда қалың қар жауып, таулы аймақтарда қар көшкіні жүрді.

Апат салдарынан Іле-Қазақ автономдық округінде күре жолды қар басып қалды. Көлік қозғалысы тоқтап 10 шақты турист құтқарылды. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Ақтүтек боран салдарынан теміржол қозғалысы шектелді. 54 бағыт бойынша жолаушылар пойызы тоқтатылды. Елдің солтүстігінде де жағдай мәз емес. Ішкі Моңғолияда қытайдың ең ірі спорттық іс-шарасы саналатын Ұлттық қысқы ойындары өтіп жатыр. Оған 3700-ден астам спортшы келген. Ауа райының қолайсыздығы жарысқа қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін. Қазір синоптиктер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

«Қысқы ойындар өтіп жатқан аймақта алты бірдей сырғанау жолағы бар. Ауа райы кез келген уақытта құбылуы мүмкін. Сондықтан біз алдын ала болжам жасап бақылауда ұстап отырамыз. Қажет болған жағдайда жарыс кестесі өзгертіледі. Ең бастысы адам өмірі. Қауіптің алдын алу үшін күш саламыз»,- дейді метеорологиялық болжамдар қызметінің жетекшісі Ван Ин.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу