ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУҒА 12 ТЕХНИКА МЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

0
16
Түркістанда тұрғындар мен қонақтарға қардан қолайсыздық туындамау үшін тазалық мекемесінің қызметкерлері бүгін түнгі сағат 2-ден қар күреу жұмыстарына шықты,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қазіргі таңда жұмылдырылған жалпы 12 техника негізгі үлкен жолдар мен аяқжолдарды қардан тазалап, құм мен тұз себуде. Сонымен қатар 200-ге жуық астам адам қала аумағында қар күреп, тазалықпен айналысуда.
Аталған техникалар мен жұмысшы күші алдымен орталық маңызы бар, қоғамдық көліктер жүретін негізгі көшелердегі қарды күреп, көшелер кезегімен қардан тазалап жатыр.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу