ТҮРКІСТАНДЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ 5 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

0
159
Талдықорған қаласында ақпанның 15-18 күндері аралығында Каратэ (WKF) спорт түрінен юниорлар және жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Елішілік сайысқа барлық өңірдің іріктелген спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Түркістан облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Дүбірлі додада қарсылас шыдатпаған Ақманас Нұрдәулетхан алтын медаль алса, Жасұлан Туртбай, Олжас Қабылан, Ақсұлтан Өмірзақтар күміс медаль иеленді. Ал Аяла Жанысбек қола медальді қанжығасына байлады.
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу