САУРАН: ШАҒЫН ЦЕХТА 10 ТҮРЛІ КОНДИТЕР ӨНІМІ ДАЙЫНДАЛАДЫ

0
118
Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде тұратын Альберт Муслимов өзінің шағын цехында кондитерлік өнімнің 10 түрін дайындайды. Кәсіпорын иесі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен 2,5 пайызбен 7 млн. теңге несие алған.
Кәсіпкер тәтті нандарды пісіруге арналған жабдықтарды Иран елінен арнайы алдыртқан. Тіпті кондитер маманды да сол елден шақырған. Шетелдік аспаз ауыл тұрғындарына нан өнімдерін пісірудің түрлі тәсілдерін үйреткен. Бүгінде цехта жергілікті 10 тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Кондитер иесі болашақта кәсібін кеңейтіп, өнім түрі мен жұмысшы санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу