РЕСЕЙ АЖЫРАСУДАН РЕКОРД ОРНАТТЫ

0
234

Ресейде үйленгендерден ажырасқандар көп,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазақ қоғамында ажырасу неге көбейіп кетті? / Марфуға Шапиян

Фото: ғаламтордан

Мамандардың мәліметінше, отбасын құрған он жұптың жетеуі ажырасады екен. Өткен жылғы көрсеткіш жаңа рекорд орнатты. Бұл қоғамдағы түйткілді мәселеге айналған. Отбасы институтын нығайту үшін ресейлік саясаткерлер ажырасқандарға тіпті айыппұл салу керек деген бастама көтерді. Ресейде ажырасқандар саны 2020 жылдан бастап күрт өскен. Былтыр 600 мың жұп неке бұзған. Ажырасу бойынша Мәскеу қаласы, Мәскеу облысы және Санкт-Петербург көш бастап тұр. Ресейде некенің орташа ұзақтығы тоғыз жыл, бірақ статистика бойынша жұптар жеті жыл бірге өмір сүргеннен кейін ажырасады. Ерлі-зайыптылардың тек 13 пайызы ғана 20 жылдық некеден кейін ажырасқан. Ресейлік саясаткерлер отбасын сақтамағандарға 100 мың рубль көлемінде айыппұл салуға шақырды.

Ажырасу бойынша Кавказ республикалары көш бастап тұр. Ингушетияда Росстат дерегіне сәйкес 1000 неке тіркелсе, тиісінше екі жарым мың ажырасу фактісі бар. Бұл Ресейдегі ең жоғары көрсеткіш. Шешенстан, Дағыстан және Қарашай-Шеркес республикаларында жағдай осыған ұқсас. Алайда бұл аймақтарда жәрдемақы алу үшін «қағаз жүзінде» ажырасады  дейді әлеуметтанушылар.

«Мекенжай жәрдемақыны бұрын отбасылар алатын. Ал қазір өзгерістер енгізілді. Енді отбасының бір мүшесіне шаққандағы күнкөріс деңгейі төмен азаматтарға ғана төленеді. Салдарынан баласы бар толық отбасылардың 62 проценті енді осы жәрдемақы шеңберінен шығып кеткен. Сондықтан да жалған ажырасулар көбейіп отыр»,- дейді Отбасын қорғау, әке, ана мен бала мәселелері бойынша гд комитетінің жетекшісі Нина Останина.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу