ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

0
172

Әсіресе шығыс пен оңтүстіктегі таулы аймақтар және қары қалың солтүстік облыстар басты назарда. Осыған байланысты қазірден бастап өңірлерде тасқын судың алдын алу мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынып жатыр.

Көктемгі тасқын алаңдатып тұр — "Алатау" қоғамдық-саяси газеті

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Еліміздің 10 өңіріндегі 200-ден астам ауылды су басу қауіпі бар. Синоптиктер наурыз айында мол жауын-шашын болады деп болжап отыр. Осыған байланысты елді мекендерде 114 шақырымдық уақытша бөгендер салынып, үйемелеу жұмыстары жүргізілді. Көлік пен темір жолдардағы суағарлар және 2 мың шақырымға жуық арық тазартылды.

«Бірақ жыл сайынғы тәжірибе көрсеткендей, бұл жеткіліксіз. Соңғы 3 жылдағы статистикаға сәйкес, қабылданған алдын алу шараларына қарамастан, жыл сайын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерін су басуда. Соңғы Жол картасы тек 58 пайызға іске асырылды. 92 іс-шара орындалмады. Кейде жекелеген жобаларды орындау үшін қаражат жеткіліксіз болды»,- деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу