БАЛЫҚ ӨСІРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

0
167

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр. Оған мемлекеттік қолдау мен «Ауыл аманаты» жобасының да әсері бар. Өткен жылы жаңадан 70 шаруашылық құрылып, тауарлы балық өсірумен айналысатындардың саны 250 жеткен. Оның 30-ы туризм бағытындағы шаруашылық. Әсіресе, өзен-көлдер мен бұлақ басынан бассейн қазып, балық өсіріп жатқандардың саны артқан,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны Махмут Пірәтов өткен жылы бұлақ басынан 10 сотоқ жер алып, 5 бассейн қаздырыпты. Оған 35 мың фарель балығының шабағын сатып алып жіберген. Қазір су маржандарының алды 800, кішкентайлары 500 грамға дейін салмақ жинаған. Кәсіпкер жақында шабақ өндіретін аппарат сатып алыпты. Енді икрадан шабақты өздері шығармақ. Хан балық – мұздай, әрі таза  суда жүретіндіктен еті дәмді, сұранысқа ие екенін айтады.

«Кафе, ресторан және адамдар сатып алады. Әзірге аздап өткізіп жатырмыз. Тағы да бір жер алдық 1,5 гектардай. Сол жерге бассейндерді көбейтіп, өзіміз шығарған шабақтарды саламыз. Қазір шабақ өндіретін цехымыз кішкентай оны үлкейтіп, тағы бір 15 сотоқтай жеріміз бар. Сол жерге инкубациялық цех саламыз»,- дейді балықшы Махмут Пірәтов.

Қазақстандағы балық шаруашылығы: саланың болашағы мен жетістіктері

Бассейннің сыйымдылығы 40 мың балыққа арналған. Жылдық қуаттылығы 80 тонна. Кәсіпкер өнімді ішкі нарыққа саудаламақ. Қазір үкімет шабаққа 30%, ал жеміне кеткен шығынның 25%-н субцидиялап береді. Соның нәтижесінде өткен жылы өңірдегі балық шаруашылықтары 10 мың тоннаға жуық өнім өндірді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңадан 40 шаруашылық құрылып, 1 млрд теңге несие берілді.

«Тағы да биыл «Ауыл аманаты» бағдаралмасы аясында кооперативтер құру арқылы соның санын көбейту, өңделген өніммен қосқанда өнім көлемін 15 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Былтыр 5200 тонна балық экспортқа шығарылды. Биылға да өңдеу жоспарын 6500 тоннаға, өндірілу жоспарын 11-12 мың тоннаға жеткізу мәселесі тұр»,- дейді облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының басшысы Қайрат Абдуалдиев.

Салаға жауаптылар биыл өңірде 5 балық өңдеу цехы іске қосылатынын айтады. Одан бөлек, бірнеше ауданда аумағы 466 гектар болатын 26 жаңа шаруашылық құрылмақ.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу