ПЕДОФИЛГЕ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

0
303

Енді кәмелет жасқа толмаған баланың өмірін қиғандар өмірбақи түрмеде отырады. Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, педофилдерге аяушылық болмайды. Балаға қиянат жасағандар да түрмеден шықпайды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Педофилдер айылын жияр емес | Aikyn.kz

Фото: ғаламтордан

Заң жалпыға ортақ. Енді әйелін ұрып-соққандар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Адамның қадір-қасиетін аяқасты етуге ешкімнің құқы жоқ. Әсіресе әйелдер мен балаларға зәредей қиянат келтіргендер қатаң жазаланатын болды. Балаға қастық жасағандар өмір бойына сотталады. Уәкілетті органдар зәбір көргендердің өтінішін күтпей кез келген айғаққа сүйеніп, шара қолдана алады. Сондай-ақ суицидке итермелегендер мен насихаттағандар 9 жылға сотталады. Қылмыстық Кодекске осындай өзгеріс енгізілмек.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Баспасөз картасын  заң жобасынан алып тастау туралы ұсыныс енгіздік – Мінбер – Ақпарат  агенттігі

«Бұның барлығы отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Басты назар аударуға тиіс мәселе — жаңа Заң шаңырақты шайқалтуға емес, отбасын нығайтуға бағытталған. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу қоғамның барлық деңгейінде бірлескен күш-жігерді қажет етеді»,- дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Депутаттар қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайтын құқықтық сана-сезім қалыптастыру керек, деп отыр. Бұл мәселе Президенттің тікелей назарында. Мемлекет басшысы бұған дейін талай мәрте елімізде «заң мен тәртіп» қағидатының берік орнауын қалайтынын айтқан болатын. Әрі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған. Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдері жетілдірілді.

Депутат Елнұр Бейсенбаев педофилдерге қатысты жазаны күшейтуді тағы да талап етті. Бұл қылмысқа барғандарға хирургиялық кастрация жасау керек екенін айтты.

Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өткізеді -  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Енді педофилдерге қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы нақты қолданылады. Яғни егер ол өмір бойына бас бостандығынан айырылса, хирургиялық кастрация жасаудың қажеті бар ма? Екіншіден, азаптауға қарсы конвенцияға Қазақстан қосылған. Бұл тұрғыда сұрақты Ішкі істер министрлігіне емес, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға бағыттаған дұрыс болады. Үшіншіден, осы медициналық сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап бергені жөн болар, яғни кастрацияны кім жүзеге асырады және оны қалай атқарады? Жалпы мен Үкімет үшін жауап бере алмаймын. Бірақ түзетуді қазір жолдасаңыздар, біз оны барлық органдардың қатысуымен талқылаймыз»,- деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Заң жобасы жалпы қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға бағытталып отыр.  Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу қоғамның барлық деңгейінде бірлескен күш-жігерді қажет етеді. Депутаттар «айрандай ұйыған жанұялардың шаңырағы шайқалмаса екен» дейді. Алайда ыдыс-аяқ сылдырынан зардап шеккендер азаймай тұр. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 300-ге жуық әйел зардап шегеді екен. Кемінде 80 әйел көз жұмады. Заңға енгізілген қатаң шаралар, сондай қылмыс­тардың тамырына балта шауып, біржола тосқауыл қоюды көздейді.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу