ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАР АДАМ ҰСТАЛДЫ

0
144

Қызылордада қос азаматтығы бар тұрғын ұсталды. Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 3 айдан бері көші-қон қызметіне тіркелмеген,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Күдікті ұсталды: Бақытжан Базарбектің Алматыдағы пәтерінің алдында бесік  арба өртеген адамның кім екені анықталды — - 11.09.2023 - Kursiv Media  Казахстан

Фото: ғаламтордан

Миграциялық заңнаманы бұзған 40 жастағы әйелге сот шешімімен 516 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ ол елден шығарылады. Жалпы жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында заңсыз жүрген 6 шетелдікке осындай шара қолданған. Одан бөлек көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Анықталған құқықбұзушылықтардың көбісі көршілес Өзбекстан Республикасынан келген шетел азаматтары болып табылады. Қос азаматтықпен жүру бұл елімізде қолданылмайтын норманың бір тетігі болып саналады. ҚР азаматшасы РФ азаматтығын алып, бізге белгіленген уақыт мерзім ішінде хабарламағаны үшін оны сот шешімімен азаматтықтан айыру жұмыстары аяқталды»,- дейді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Камытбеков.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу