МҮГЕДЕКТІГІ БАР 80 БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛДЫ

0
145

Түркістан облысында мүгедектігі бар 80 балалның құқығы өрескел бұзылды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы облыстық Прокуратураға сілтеме жасап. 

Инвалидная коляска, Мүгедектер арбасы Новый!(Жаңа): 350 000 тг. - Другой  транспорт им.Балуана Шолака на Olx

Сурет: freepik

Оны облыстық прокуратура қызметкерлері Кентау қаласында орналаcқан «Арнайы кәсіптік колледждге» арнайы тексеру жүргізу кезінде анықтады.  Аталған колледж мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен білім беру үшін құрылған еліміздегі жалғыз мамандандырылған мекеме. Тексеру барысында колледж басшылығының ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып,  ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен толық қамтамасыз етпегені белігілі болды. Сонымен қатар сапасыз білім беру, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы талаптардың сақталмағаны анықталды. Мекеме қызметкерлері студенттерге қолдану мерзімі өткен медициналық дәрі-дәрмектерді пайдаланып, сапасыз азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз еткені әшкереленді.

«Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілері орын алды. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда»,- дейді облыстық Прокуратураның басқарма бастығы Болат жұмағалиев.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу