АӘК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

0
131

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының үйлестіруімен оқыту семинарлары мен тестілеу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

Сурет: әкімдік парақшасынан

Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетіліп жатыр.

Соңғы 4 жылда кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады. Мәселен, 2023 жылы облыста 157,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 2022 жылмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 40,6 мың адамға немесе 20,5% төмендеді. Кедейлік деңгейін төмендету атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етілді. Ал кедейшілік шегінен төмен тұратын халықтың үлесі жыл қорытындысы бойынша 7,4% құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2 %-ға төмендеді. 2024 жылы кедейлікті төмендету, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 38,6 мың отбасын АӘК-пен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу