ТҮРКІСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП САЛУҒА НИЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

0
179
Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою мақсатында арнайы жоспар түзіліп, мәселе шешімін тауып келеді. Бұл жағдайда кәсіпкерлер де жекеменшік мектеп салуға ниет танытып жатады. Ал оның тәртібі ескеріле бермейді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен білім саласына жеке инвестиция тарту мақсатында жиын өтті. Кәсіпкерлерге осы бағытта бірқатар ақпарат ұсынылды. Басқосуға Түркістан облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, тиісті департамент және басқарма басшылары, аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
«Өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 100-ге жуық мектеп салынады. Оның ішінде «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы, Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен білім ошақтары ел игілігіне беріледі. 2023 жылы 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 137-ті құрады. Осы ретте кәсіпкерлердің де ықпалы зор. Десе де «Жайлы мектеп» жанынан жекеменшік мектеп салу тиімсіз. Оны білім нысандары жетіспейтін, сонымен қатар шалғай елді мекендерде салу әлдеқайда пайдалы деп ойлаймын», – деді Бейсен Дәулетұлы.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу