ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕЗИНСЕКЦИЯ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛАДЫ

0
186
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2024 жылға зиянды жәндіктерді дәрілеу шараларын уақытылы өткізуді және ғылыми сүйемелдеуді тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстар басталып кетті.
1 адам, суармалаушы және шөп кескіні болуы мүмкін
                                                                      Фото: ғаламтордан
Зиянды жәндіктердің дернәсілдерімен күресу үшін биологиялық дәрілерді суға жіберу әдісін, ал елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда. Дезинсекция жұмыстарының нақты жүргізілетін өңдеу алаңы, уақыты, мөлшері, дәрілердің көлемі — ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес анықталатын болады. Биыл облыста 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 маман жұмылдырылған. Кейін толық дәрілеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу