САРЫАҒАШТА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
20
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында аудандық №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандарының активі арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті,- деп хабарладйы «Қалам.кз» порталы.
Кездесудің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында салауатты өмір салтын ұстануға үнемі шақырып келеді. Мемлекет үшін маңызды қызметте жүріп, бұқаралық спортпен айналысып, спортты серік еткен сіздерге алғысымды білдіремін», – деді аудан басшысы.
Волейболдан жолдастық кездесуге үш ауданның басшылық құрамынан жинақталған командарлар қатысты. Жолдастық кездесудің қорытындысымен Сарыағаш ауданының активі үздік атанып, І орынды иеленді. Келестік актив ІІ орынды қанжығаласа, ІІІ орынды Қазығұрт ауданының активі місе тұтты.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу