ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0
96
Ақмола облысында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХІХ Республикалық зерттеу жобалары конкурсы өз мәресіне жетті,-деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Сайыс -бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Аталған додада Түркістан облысынан 12 оқушы республикалық кезеңде өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 3 оқушы — бірінші орынға, 4 оқушы — екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, 3 оқушы — үшінші орынды, 2 оқушы — белсенділігі үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылар сайысқа «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Ғалия Қалыбекованың жетекшілігімен барды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу