Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім арасында өтіп жатқан ел чемпионатының алғашқы күні Түркістандық дзюдо шеберлері қос алтынды қоржынға салды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 
 Қыздар арасында 48 келіде сынға түскен, Сымбат Тағай алғашқы алтынды еншілесе, ерлер арасында 55 келіде Ернұр Батырғали қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанды.
Жарыстың екінші күнінде балуандар ерлер арасында үш салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасса, қыздар екі салмақта сынға түсті. Бұл күні түркістандық жас дзюдо шеберлері бір алтын мен бір күміс медальді қанжығасына байлады. 66 келіде үздік атанған Ислам Абай облыс құрамасының қоржынына үшінші алтынды алып келсе, 73 келідегі балуан Абдулла Абдукаримов күміс медаль алды. Айта кетейік, чемпионат 27 ақпанға дейін жалғасын таппақ. Үздік деп танылғандар Азия және әлем біріншіліктерінде ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 820 жас балуан қатысып жатыр. Дүбірлі додада спортшылар жалпы 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу