ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗДЕ ҚАҚТЫҒЫС КҮШЕЙДІ

0
205

АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йеменнің халық қоныстанған бөлігіне шабуылы үдей түсті,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Қызыл теңізде қақтығыс күшейді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

Фото: 24кз сайтынан

Ал хуситтер қарсылық танытып, Қызыл теңізде америка-британдық кемелерге қарсы соққысын доғарар емес. Олар: «Америка күштерінің атқылауы палестиналықтарды қолдауға кедергі емес», – дейді. Көтерілісшілер: «Қақтығыстан бас тартпаймыз», – деп отыр. Теңіздегі текетірес әлемдік саудаға кедергі келтіріп, өңірдегі шиеленісті ушықтырып жіберді.

«Біз Газа секторы мен Палестина үшін күресіп жатырмыз. Израиль мен Америка әскерінің күші бізді мүлдем тоқтата алмайды. 9 жыл жалғасып келе жатқан қақтығысқа онсыз да етіміз үйренген, біз үшін бұл кедергі емес. Газа секторын израильдіктерден босату үшін біз Палестинаға жаяу аттанамыз»,- дейді жергілікті тұрғын Ханайн Мансұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу