МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

0
202

Майқайың кентін сумен жабдықтайтын құбырдың жарылуы жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялауға себеп болды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Майқайыңда тағы бір төтенше жағдай болды - Қазақстан жаңалықтары -  Alataunews

Фото: ғаламтордан

Коммуналдық апатты жою бес күннен бері жалғасып жатыр. «Екібастұз қалалық су арнасы» мемлекеттік мекемесінен шығатын магистраль «Богатырь Көмір» кенішін басып өтеді. Қазір кенішке су беру де уақытша тоқтатылған. Ал Майқайыңға тіршілік нәрі төмен қысымда келіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 143 адам, 60 бірлік мамандандырылған техника тартылды. Су құбырының жалпы ұзындығы 60 шақырым. Он мыңдай халқы бар ауыл халқы тәулігіне 250 текше метрдей су тұтынады. Қазір тіршілік нәрінің бір тәулікке жететін қоры жасақталған. Резервуарларға су тұрақты түрде толтырылып жатыр.

 «Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытуда. Қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде. Яғни бұл жер асты және жер үстіндегі құбырлар. Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4 шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне қазір су төменгі қысымда берілуде»,- дейді Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қабзолла.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу