СТУДЕНТТЕР НАННЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІН ПІСІРЕДІ

0
32

Түркістан облысында колледж студенттері нан өнімдерін шығарады. Көксәйек ауылындағы студенттер теория мен тәжірибені ұштастырып отыр. Оқу орнының наубайханасында ас атасының бірнеше түрін өздері пісіреді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс-07210300 - ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ  ИМЕНИ КУМАША НУРГАЛИЕВА

Қымбат Сапаралы аспаз мамандығын меңгеріп жатыр. Сабақтан тыс уақытын осы наубайханада өткізеді. Нан илеп, қамыр ашытудан бастап ас атасының бірнеше түрін пісіреді.

 «Бірінші қамыр илейтін машинаға ашыту, екінші көтерілу пешіне қою, үшінші өзінің температурасына байланысты нанды пісіріп, өзіміздің жатақханамызды нанмен қамтамасыз етеміз. Практика уақытында балалар бос болмайды. Теорияны тәжірибемен ұштастырамыз»,- дейді студент Қымбат Сапаралы.

Правительство подготовило предложения по возмещению части затрат на  производство хлеба

Наубайшы мамандығы бойынша білім алатын 50-ге жуық студент осында күнде келіп, тәжірибеден өтеді. Өндірістік цехтың шеберлері оларға нанды жұмсақ әрі дәмді етіп пісірудің ерекшеліктерін көрсетеді.

 «Наубайшы цехы болғандықтан нан өнімдерін пісіру әдістерін үйретеміз. Дайындау тәсілдерін үйретеміз. Таба нана немесе лепошка дейміз ғой, соны пісереді. Одан кейін бөлке нандарымызды, қара нан, бауырсақтарымыз, тәтті нандар бар. Бөлішкелерді пісіреді. Соларды үйретеміз»,- дейді өндірістік цех шебері Балқия Айтмырзаева.

Оборудование для производства хлеба и хлебобулочных изделий | БЗПМ

Оқу орнының қабырғасында наубайшыдан бөлек, аспаз және кондитерлік тағамдарды әзірлейтін цех бар. Колледжде аталған үш мамандық бойынша жылына 150-ге жуық студент білім алады. Мамандар болашақ аспаздарға сұраныс жоғары екенін айтады.

 «Осы ауыл тұрғындарын, колледжде жатқан студенттерді өзіміздің нан өнімдерімен қамтып жатырмыз. Мұнда нан өнімдерінің бірнеше түрін пісіруге болады. Болашақта біз аудан көлемінде тұрғындарды нан өнімдерімен қамтуға мүмкіндігіміз бар»,- дейді колледж директорының орынбасары Ермахан Сарыпбеков.

Бірақ студенттер өздері пісірген нан өнімдерін сатылымға шығара алмайды. Себебі оқу орны кәсіпкерлік емес, білім беретін мекеме.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу