«АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ

0
27
Төлеби ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бағытында аудан әкімінің бастамасымен бірқатар жұмыстар атқарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Жобаға енген 4 ауылдық округте 4 ауылшаруашылық бағытындағы өндірістік кооперативтер құрылды. Олар – мал бордақылау, отбасылық сүт фермалары және мал басын көбейту бойынша Көксәйек ауылдық округінде «ӨМІР-KAZ» ӨК, Киелітас ауылдық округінде «Ауыл аманаты – 2023» АШӨК, Бірінші Мамыр ауылдық округінде «Даму – 7» АШӨК және Қаратөбе ауылдық округінде «Қоғалыбастау» АШӨК.
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған өндірістік кооператив мүшелері – 392 адам. «Ауыл аманаты» негізделген қаржы шаруаларға «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы беріліп, 193 жоба мақұлданып, жоспарланған 1,1 млрд теңге несие берілді.
Жоба негізінде Көксәйек ауылының тұрғыны Мұрат Жүзбаев 7 200 000 теңге несие алып, қаржыға Жамбыл облысынан 26 бас ірі қара мал сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу