КЕНТАУЛЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

0
34
Қызылорда облысында футболдан өткен халықаралық жарыста Кентау қаласының құрамасы үздіктер қатарынан көрінді. Турнир жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған. Аталған дода 28-мәрте ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа Өзбекстан Республикасы мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда қатысқан. Нәтижесінде І орынды қызылордалық «Асыл» құрамасы, ІІ орынды Кентау қаласының құрамасы, ІІІ орынды қызылордалық «Мүслім» құрамасы алды. Одан бөлек, жарыста «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» атанған спортшылар да марапатталды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу