ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН САЛУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

0
19
Түркістан облысында 264 мәдениет мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Онда өңірдің мәдениет саласындағы инфрақұрылымға қажеттілікті анықтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ бірінші кезекте ауылдық округ орталықтарына 200 орындық, халық саны 5000-нан жоғары елді мекендерге 200 орындық, содан соң 2000-нан көп елді мекендерге 100 орындық мәдениет нысанын салу ұсынылды. Облыс басшысы бұл бағытта біркелкі жүйе құру және бірыңғай стандартын әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.
– Ең бірінші мәдениет үйі жоқ елді мекендерден бастау керек. Халық саны аз әрі жақын орналасқан ауылдарға бір мәдениет нысанын салған жөн. Қазірге дайын жобалық-сметалық құжатты өткізе берейік. Ал жаңасын алдымен ауыл округінің орталықтарынан бастаңыздар. Барлық саланың стандартын қайта қараңыздар. Білім, мәдениет, спорт нысандарының құжатын әзірлеуді бір жүйеге келтіру қажет. Барлығы жоспарға байланысты. Жоспар дұрыс болмаса, жұмыс құрдымға кетеді. Жоспар түзу болса, бәрі стандартқа сай орындалады. – деді Дархан Сатыбалды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу