БИЫЛ ОРДАБАСЫДА ҚҰНЫ 40 МЛРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 21 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

0
17
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен болған кездесуде мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы жаңа үлгіге көшуі тиіс екендігін, кәсіпкерлерге көмектесу керектігін баса айтқан болатын. Осы мақсатта Ордабасы ауданында аудан әкімдігінің бастамасымен кәсіпкерлікті қолдау форумы өткізілді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.
Форумға Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының, «Ырыс» МҚҰ серіктестігінің, «Даму» қорының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері, аудан прокуроры, аудандағы белсенді кәсіпкерлер, салалық мемлекеттік органдардың мамандары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін
Жиында аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасап, кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2023 жылы атқарылған және осы жылы жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ауданның бизнес жүргізуге бағытталған потенциалы туралы ақпарат берді.
Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнім көлемі 33,2 млрд. теңгені құрап, 6,5 пайызға артқан. Сонымен қатар шағын және орта бизнестен 99,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Нәтижесінде 792 жұмыс орны ашылып, 502 адам тұрақты жұмысқа тұрған. Өткен жылы инвестициялық құны 10 млрд. теңге болатын 8 жоба жүзеге асып, 292 адам жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу