ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

0
29
Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, пленум мүшелері, облыстық басқарма басшылары, аудандық, қалалық әкімдіктерінің тиісті бөлім басшылары, аудандық, қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары, бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
– Бұл басқосу өңірдің рухани саласына оң серпін береді деп сенемін. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани және туристік орталығына айналдыру бағытында жоспар түзіліп, іске асырылды. Бұл – мемлекетіміздің өңірімізге деген үлкен қолдауы. Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымы осы мақсатта табысты еңбек етіп келеді. Ұлттық тәлім-тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру арқылы жұртшылықты ізгілікке, отаншылдыққа, еңбекке құлшындыру бағытында облыс ардагерлерінің алар орны айрықша деп білемін. Осы орайда Түркістан облысының Жеңісбек Мәуленқұлұлы бастаған «Ардагерлер кеңесі», «Әжелер алқасы» республикамызға үлгі болатын игі шараларды ұйымдастырып жүр. Бүгінгі басқосуда да маңызды ұсыныстар айтылады деп сенемін, – деді Бейсен Тәжібаев.
3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін
Жиында Облыстық ардагерлер кеңесінің 2023 жылғы атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері және ұйымдық мәселелер қаралды. Кеңес төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов атқарған жұмыстарға тоқталды. Ұйымдастырылған іс-шараларға 10 мыңға жуық адам қатысты. Онда жастар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, салауатты өмір салты, елдің ынтымағы мен бірлігі, ардагерлердің әлеуметтік жағдайлары, тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу