ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАСҚОСУ ӨТТІ

0
30

Халықаралық жазушылар күніне орай Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Әдебиет ұлттың жаны» атты әдеби-танымдық кеш өтті,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 

11 адам, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Оған өңірге танымал ақын-жазушылар қатысып, қаламгерлердің жай-күйі, бүгінгі әдебиеттің дамуы, тақырып таңдау, жастардың әдебиетке көзқарасы және кітап шығарудың қиындығын жан-жақты талқыланды. Жазушы ең алдымен  — елдік мұраттың жыршысы. Жазушы үшін жалпы адамзаттық руханияттың дамуына барлау жасау, олардың озығы мен тозығын салмақтап отыру міндет. Ол үшін уақыт пен өмірлік тәжірибе қажет,- дейді қаламгерлер. Бір қуантарлығы, бүгінгі күні отандық әдебиеттің бәсекеге қабілеттігі артып, жаңа бағытта дамып келеді. Биыл жергілікті биліктің қолдауымен 5 ақынның кітабы жарыққа шықпақ. Жалпы өңірде 40-қа жуық ақын-жазушы бар. Олар облыс әкімдігі Түркістаннан «Қаламгерлер үйі» салып берсе деген тілектерін жеткізді. Себебі соңғы 5 жылда Түркістанда талантты жастардың шоғыры қалыптасқанын айтады.

11 адам және жаңалықтар бөлімі кескіні болуы мүмкін

«Түркістандағы ЖОО бітірген өзге өңірлерден келген таланттар осы жерге тұрақтап қалды. Жаңа үй алып жатқаны, жұмысқа тұрып жатқаны бар. солардың қаншама дүниелері жарыққа шығып жатыр. Түркістанның дамуы, түлеуі, жаңаруы бәрі өлеңге арқау болып жатыр. Мысалы алдағы уақытта Түркістан ақын-жазушыларының 5 жылдыққа орай антологиясы шықса деген ниетіміз бар. Қаржы бөлініп жататын болса, ақын-жазушылардың жиынтық кітабы шыққалы отыр»,- дейді ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу