КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

0
32

Алдағы көктемде Түркістан облысынан 2400 азамат әскер қатарына шақырылады,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы.

Әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарлануда

1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында, 1000 баланы Қарулы күштердің, 400-ге жуық азаматты  Шекара Қызметіне, 900-дей жігітті Ұлттық ұлан қатарына және 100-ге жуық азаматты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметіне шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары мәлімдеді.

Жандос Күлдербаевтың айтуынша, қазір әскери сала да сандық жүйеге көшірілген. Бұрынғыдай 18 жасқа толған азаматтың үйіне әскерге шақырту қағазы жіберілмейді. Барлығы азаматтарға арналған электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Әскери тәртіпке сәйкес, шақырту алған әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарында барып, медициналық және психологиялық тексеруден өтуге міндетті,-дейді.

«Бала 18-ге толды ма, автоматты түрде көктемгі күзгі шақырту бойынша СМС хабарлама келеді. Сол СМС хабарламаға мән бермей, басқарма, бөлімдерге бармаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бабы бар. Егер онда да келмеген жағдайда ҚК арнайы «әскерден жалтару» бабы бар, сол заң бойынша әрбір азамат қудаланатын болады»,- дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу