КЕЛЕСТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 5 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

0
48
Келес ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланса, былтыр 3 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Абай ауылы мен Ғани Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық, ал Біртілекте 300 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев баяндады.
— Ауданда білім саласында 63 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп бар. Қашықтықтан қатынайтын оқушыларды тасымалдауға 2023 жылы облыстық білім басқармасынан 4 үлкен және 8 шағын автобус беріліп, аудандағы 2 400 оқушыны тасымалдауда. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап жалпы 13 577 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылса, оның 12 853-і 1-4 сыныптағы оқушылар, — деді аудан басшысы.
Аудан экономикасының негізгі күші – ауыл шаруашылық саласы. Өңірде жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан. Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу бойынша биыл 320 шаруа қожалық жалпы 1 655 гектар алқапқа егіс егілген. Сондай-ақ, 2023 жылы 246,8 гектар жерге тамшылатып суару әдісі орнатылған. Сонымен қатар, ауданда «Ауыл аманаты» жобасымен 252 жобаға 1,4 млрд. теңге несие берілген.
Инфрақұрылым саласында тұрғындардың 84,2 пайызы ауыз сумен қамтылған. Сапалы электр желісіне ауданның 77,1 пайызы қол жеткізіп отыр. Ал табиғи газ 83 елді мекеннің 59-да бар.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу