ТҮРКІСТАНДЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

0
22
Түркістан қаласында волейболдан 2009-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты аяқталды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 
Жарысқа ең талантты деген бұрымды волейболшылар қатысып, өзара шеберліктерін сынады. Сайысқа облыстың аудан-қалаларынан 10 команда, 140-қа жуық спортшы қатысып, тартысты волейбол бәсекесін өткізді.
Үздіктер сынға түскен додада түркістандық арулар алтын медальді қоржынға салса, жүлделі 2-орынды Отырар ауданының құрамасы иеленді. Ал 3-орынға Сауран ауданының намысын қорғаған арулар жайғасты. Айта кетейік, біріншілікте шеберлігімен көзге түскен ойыншылар облыс құрамасына шақыртылып, 20-27 наурыз күндері Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында өңір намысын қорғайды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу