ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОС АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

0
119
Филиппин елінде су спорты түрлерінен Азия біріншілігінде түркістандық арулар қос алтынды қанжығасына байлады.
Алдымен 50 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында Аделаида Пчелинцева Азия рекордын орнатып, жеңімпаз атанды. Одан соң Софья Сподаренко 100 метр қашықтықта баттерфляй жүзу тәсілінде жаңа рекорд орнатып, ел қоржынын алтын алқаға толықтырды.
Айта кетейік, бұған дейін қос аруымыз 100 метрге еркін жүзу эстафетасына қатысып, күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл — Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионаттарындағы алғашқы жүлдесі.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу