ДУБАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ

0
167

Дубайда Қазақстанның сауда үйі және Qaz Steppe Innovation Hub ашылды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады

Шара Қазақстан кәсіпорындары сауда-экономикалық делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында жүзеге асырылып отыр. Отандық кәсіпкерлерді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Хаб озық қазақстандық стартап жобаларға арналған. Іс-шараға 200-ден астам компания, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес ұйымдардың өкілдері қатысуда. Бүгін өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша құны 20 миллион доллар болатын келісімге қол қою жоспарланып отыр.

«Қазақстандық бизнес делегациямен кездесуде біз екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқыладық. Қазақстандық сауда үйінің тұсаукесері бізге елдегі бизнес-ортаны жаңартып, инвестиция мен өзара сауданы арттыру әлеуетін көрсетті. Біз Қазақстанмен тиімді серіктестікті дамытуға ниеттіміз»,- дейді БАӘ Экономика министрлігінің бас хатшысы Джамал Бин Саиф Әл-Джарван.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу