ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТАДЫ

0
128

Қазақстан мен Өзбекстан өзара экономикалық кооперацияны одан әрі тереңдетеді,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап.

Мәжіліс қаңтарда таратылуы мүмкін: 11 қаңтар 2023 13:38 - жаңалықтар  Tengrinews.kz

Екіжақты сауда айналымын, инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Бүгін Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты бекітті. Оны қабылдау жайында бұған дейін екі елдің Мемлекет басшылары кездесу барысында келіскен еді. Маңызды құжат бауырлас қазақ-өзбек халқының көпқырлы ынтымақтастығын стратегиялық әріптестік және одақтастық рухында жан-жақты нығайтуды көздейді. Шартқа сай тараптар Парламенттер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстарды  нығайтуға өзара жәрдемдеседі. Сондай-ақ рухани, мәдени жақындығын сақтау, ғылым, білім, медицина, спорт және өзге де салалар бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Шегаралас қос елдің трансшегаралық су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалану жайы да қамтылады.

«Дипломатия саласында құжаттардың иерархиясы бар. Одақтастық қатынастар туралы шарт осы иерархияда ең жоғарғы деңгейдегі шарт. Осыған қол жеткізуімізге уақыт керек болды. Мұның айырмашылығы басқаларға қарағанда барлық салаларды қамтиды және де ең бастысы сенім, ұлттық мүдделерді өзара есепке алу, тәуелсіздігімізді құрметтеу, шегараларымыздың мызғымастығын құрметтеу. Және бұл шартта халықаралық Аралды құтқару қоры туралы айтылады. Екі мемлекет осы қордың жұмысын жандандыру жайында міндеттемелер алады»,- дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу