«ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

0
164
Сауран ауданында «Жібек жолының жауһары» атты республикалық ақындар айтысы өтті,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы. 
2 адам, гитара, скрипка және мәтін кескіні болуы мүмкін
Айтыс ауданның құрылғанына 3 жыл, ұлт қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған. Аламан айтыста аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов сөз алып, ақындарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, додада айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Маржан Есжанова, ақын-термеші Бекмұрат Анарбаев, ҚР Журналистер одағының мүшесі – Ләззат Сарыбаева қазылық етті.
5 адам, жиын және мәтін кескіні болуы мүмкін
Ақындар ауданның тарихы мен ұлт қайраткері Нұртас Оңдасыновтың қазақ халқына жасаған ерен еңбектерін жырға арқау етті. Жыр доданың бас жүлдесін (1 млн теңге) саурандық ақын Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды түркістандық ақын Бекарыс Шойбеков (800 мың теңге) иеленсе, екінші орынды қарағандылық ақын Мақсат Ақанов (600 мың теңге) жеңіп алды. Сондай-ақ, үшінші орынды қызылордалық Нұрзат Қару мен Алматы облысынан келген Айым Асылбекқызы (500 мың теңгеден) иеленді.
4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін
Сонымен қатар, Әбдікерім Манапов атындағы арнайы жүлдені Расул Ахмет, Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлдені Нұрдәулет Өмірбек жеңіп алды. Одан бөлек, Тәушен Абуова атындағы арнайы жүлдемен Қалижан Білдәш, Нұртас Оңдасынов атындағы арнайы жүлдемен Шұғайып Сезімхан, Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Нұрғали Әнәпия марапатталды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу