ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

0
148
Жыл басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне елді мекендерді көгалдандыру, егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен барды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең алдымен «Жасыл желек» КММ қарасты тұқымбақта атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда мекеме тұқымбақтарында бозарша, жайарша, қарағаш, айлант, үйеңкі, шаған, катальпа, терек, каштан, акация және тағы басққа түрлерінен жалпы 3 миллионнан астам көшет өсіріледі. Оның 600 мың данасы үлкен көшеттер, қалғаны енді жетіліп келе жатқан жас өскіндер. Жалпы «Жасыл желек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 тұқымбақ бар. Оның 20 гектары Қазығұрт ауылында, 2 питомник, яғни 40 гектары Қақпақ ауылында орналасқан.
Былтыр «Жасыл желек» КММ қарасты тұқымбақтан облыстағы елді мекендерді көгалдандыруға 150 мыңнан аса түп көшет тегін берілген болатын. Соның ішінде басқармаға қарасты мекемелерге 230 мың түп көшет босатылды. Жалпы 400 мыңға жуық әртүрлі көшет тегін үлестірілген. Биылғы жылдың көктем айында 250 мың көшет тегін берілетін болады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу