ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСЫҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

0
134
Шардара ауданында асық ату және бес асық спортынан 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Ұлттық спорт ұлықталған облыс біріншілігіне 9 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде бес асықтан командалық 1 орынды -Түркістан облысының №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері иеленсе, 2 орынды — Түлкібас ауданының құрамасы еншіледі. Ал жүлделі 3 орынды — облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің спортшыларына бұйырды.
Сонымен қатар, асық атудан 1 орынды Созақ ауданы алса, 2 орын Шардара ауданы, ал 3 орын Түркістан облысының №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттеріне бұйырды. Енді үздіктер наурыз айында Ақтау қаласында өтетін Ел чемпионатына қатысып, өңір намысын қорғайды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу