НАУРЫЗДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

0
210

Синоптиктер болжамы бойынша, наурыздың ортасында Қазақстанда күн жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметі мәлімдеді дейді «Қалам.кз» порталы.

Наруыз мейрамы туралы аңыз

Мамандардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты жағдайда болады.

«Наурызда жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура қалыпты шамада және Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтіледі», — деді Қазгидромет директоры Марина Шмидт.

Бұл ретте, ол наурыздың екінші онкүндігінде еліміздің барлық дерлік аумағында айтарлықтай салқын толқын күтілетінін атап өтті.

«Екінші онкүндікте солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -15…-20, оңтүстік облыстарда -0…-8 градусқа дейін төмендейді деп күтеміз. Үшінші онкүндікте – Наурыз мейрамында көктемге сәйкес ауа райы күтіледі. Ал солтүстік облыстарда күндізгі температура нөлден жоғары, +3…+13, оңтүстікте әлдеқайда жылы, +15…+20 дейін болады деп үміттенеміз», — деп қосты Қазгидромет директоры.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу