КҮРІШ ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

0
109

Қызылорда қаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қоймасынан 110 қап күріш ұрлаған қылмыстық топтың 18 жастағы төрт мүшесі ұсталды.

Қызылордада күріш қымбаттады » OpenNews | Aқпарат агенттігі

Бұл мақсатта Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздестіру іс-шарасын жүргізді.

«Іс-шара аясында қала аумағында 110 қап, яғни 2 тоннадан астам күрішті ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоймасынан 1 миллион 237 мың теңгені құрайтын «Лидер» күрішін ұрлаған. Бұл қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп калған. Ұрлыққа қатысты қылмыстық топтың 18 жастағы төрт мүшесі ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу