ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МӘСКЕУГЕ БАРДЫ

0
182

Премьер-Министр Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы «24кз» телеарнасына сілтеме жасап. 

Фото: Үкімет сайтынан

Онда екі тарап сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің арасында жасалған уағдаластықтардың іске асырылу барысына тоқталды. Келіссөз барысында Олжас Бектенов өнеркәсіп кооперациясын нығайту және сауда-саттықтағы өзара іс-қимылды дамытудың оң қарқынын атап өтті. Қазір екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен құны 26,5 млрд доллар болатын 135 жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, алдағы уақытта 14 млрд-ты құрайтын қосымша 67 бірлескен жобаны қолға алу жоспарланып отыр. Меже орындалса, 11 мыңан аса жаңа жұмыс орны ашылу мүмкін. Өз кезегінде Михаил Мишустин қос тараптың келісімдерін іске асыру үшін белсенді жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу