«БӨГЕН» СУ ҚОЙМАСЫНДА ҚАУІП ЖОҚ

0
18
Бүгінгі таңда «Бөген» су қоймасына қауіпі төніп тұрған жоқ,- деп хабарлайды «Қалам.кз» порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобаға мемлекеттік сараптамасының қорытындысын алдағы маусым айында алу жоспарланып отыр. Су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті құралдармен қамтамасыз етілген»-дейді облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Су қойманың пайдалу ережесі 1967 жылы «Союзгипрорис» институтының жобасы бойынша әзірленіп, пайдалануға берілген. 2017 жылы «Қазсушаржоба» РМК ОҚФ «Оңтүстіксушаржоба» ӨБ арқылы жаңартылды.
«Қазіргі уақытта Бөген су қоймасының пайдалану режимі әзірленіп, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына келісуге жіберілді.
10 наурыздағы жағдай бойынша Бөген су қоймасында 349,1 млн.м3 су жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 14 млн.м3-қа (2023 ж. 363,1 млн.м3) кем. Қазіргі таңда, су қоймаға 45,6 м3/сек су келіп, 15 м3/сек су босатылуда»,-деп жазылған хабарламада.
Бекітілген кестеге сәйкес, жыл сайын наурыз айынан бастап шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына ағын су жеткізіледі.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы сыйымдылығы 370 млн.м3 құрайтын «Бөген» су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Жалпы суармалы жер көлемі 67 мың гектар. Құйылмалы және ескі арналы сулар мен «Бөген» және «Арыс» өзендерінен толтырылады.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу