БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ҚОС АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

0
238
Черногория мемлекеті, Будва қаласында наурыздың 3-10 күндері бокстан жастар арасында Әлем кубогы өтті.
Байрақты додада 22 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері сынға түсті. Ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары Төрехан Сабырхан 67 келіде мен Шұғыла Нәлібай 75 келідегі алтын медаль иеленді.
Байрақты додада өңір мерейін асқақтатқан саңлақтар Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Аталған спорт мектебінен 3 спортшы қатысып, 2 алтын жүлдемен оралып отыр. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде түркістандық Төрехан Сабырхан турнирдің «Ең үздік боксшы» атанды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу