ШАҢЫРАҚ КҮНІ ҮШ ЖҰП НЕКЕГЕ ТҰРДЫ

0
21

Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні. Жалпы шаңырақ қастерлі ұғым, жастарды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу құралы. Атаулы күні Түркістан қаласындағы Неке сарайында үш жұп шаңырақ көтеріп, некеге тұрды.

Возможно, это изображение 5 человек и помост

Некелесу рәсіміне Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және Түркістан қаласы әжелер алқасының мүшелері барды. Алтын жаулықты аналар жастарға батасын берді.

Отбасы құндылығын дәріптеуге, маңыздылығын арттыруға бағытталған іс-шара «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» кездесуімен өрнектелді. Жиында елу жыл және жиырма бес жыл отасқан жұп жастарға ақылын айтты.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу