АЭС АДАМЗАТ БАЛАСЫНА НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

0
16

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа жолдауында айтты.
Мемлекет басшысы қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады, Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет деді. Президент атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін алға тартты.
Осыған орай, Қ.Әбдәлиев ауыл округіне қарасты Рабат елді мекенінде орналасқан Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдау мен еліміздегі энергия тапшылығы, энергетикалық тәуелсіздік мәселесінің өзектілігі туралы ардагерлер кеңесінің мүшесі Аблаев Н. түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпарат алған азаматтар өздерінің ой пікірлерін ортаға салды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу